2026 жылғы 17 маусым күні «Социалистік Еңбек Ері атындағы мектеп-лицей» КММ-де 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Құттықтау сөз сөйлеп, аттестаттарды табыстау құрметі мектеп директоры Билялова Нағима Жакотовнаға берілді.
11 «Б» сыныбының үздік оқушылары Аманжолова Амина мен Омарова Нағима ең жоғары марапат – «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Ал 11 «Б» сыныбының оқушысы Парамонов Александр ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.
Құттықтау сөз сынып жетекшілері мен ата-аналарға берілді. Түлектер өздерінің ұстаздары мен мектепке деген шынайы ризашылықтарын өлең жолдары арқылы білдіріп, ән орындады. Іс-шараның қорытындысы ретінде түлектердің әсерлі қоштасу вальсі орындалды.
2026 жылғы барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық, армандарыңыз орындала берсін!
 
Дата публикации: 17.06.2026