ҰЛЫ ҰСТАЗ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИНГЕ 185 ЖЫЛ!
2026 жылдың 5 қарашасында “Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейі” 7 сыныптар арасында Ұлт ұстазы, қазақ даласында білім шамын жаққан ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай мектебімізде танымдық сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ халқының білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесі туралы ой бөлісті. Ыбырай атамыздың өнегелі өсиеттері мен тағылымды шығармалары арқылы білімнің маңызын түсініп, рухани құндылықтарды дәріптеді.
«Кел, балалар, оқылық!» деп ұрпақты білімге шақырған ұлы ұстаздың мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге!
Дата публикации: 05.11.2026