«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мектебімізде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі және қазақ халқының рухани дамуына қосқан зор үлесі туралы өз ойларымен бөлісті. Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен мол мұрасы жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілімізге деген құрметті арттыру және ұлт зиялыларының еңбегін ұлықтау – шараның басты мақсаты болды.
 Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы!
 
Дата публикации: 08.09.2026