«Әлем валюталарына саяхат»
Жоспарға сәйкес мектеп кітапханасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Әлем валюталарына саяхат» атты танымдық викторина ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихы мен маңызын таныстыру, әлем елдерінің валюталары туралы білімдерін кеңейту, қаржылық сауаттылықтарын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Викторина барысында оқушылар Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихымен танысып, әлем елдерінің ақша бірліктері туралы қызықты мәліметтер алды. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, қаржылық сауаттылығын дамытуға ықпал етті.
Дата публикации: 13.11.2026