Ана — бұл жай ғана сөз емес, тұтас әлем
Ана — бұл жай ғана сөз емес, тұтас әлем. Ол — мейірімділік пен қамқорлықтың, төзім мен махаббаттың символы. Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ана жүрегі ешқашан шаршамайды, ешқашан суымайды. Оның көзінде бүкіл өмірдің мәні бар — мейірім мен үміт, сенім мен шексіз сүйіспеншілік. Ана — алғашқы ұстаз, алғашқы жанашыр, ең адал дос. Оның алақаны — өмірдің ең жылы мекені, дауысы — жүректі тыныштандыратын ең әуенді әуен.
Біз өсеміз, алыстаймыз, өмірдің қалауымен жан-жаққа кетеміз .... Бірақ ана жүрегі бәрін кешіреді, бәрін күтеді. Себебі ана үшін бала — өмірдің ең қымбат сыйы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дата публикации: 12.05.2025