Ауданымыздағы мұражайға 40 жыл толуына орай бастауыш сынып мұғалімі Кожаева.К Т. 4-сынып оқушыларымен «Мұражайға саяхат» ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларға мұражайдың маңызын түсіндіру, тарихи жәдігерлер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған өлкенің тарихына қызығушылықтарын арттыру және мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Экскурсия барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Дата публикации: 18.05.2026