- Өзін - өзі бағалау
- Мектеп Парламенті
- «Мектепке жол» акциясы
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- ДОСБОЛLIKE
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Логопедия
- Кәсіби бағдар
- Қосымша білім
- Терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық материалдар
- Ашық бюджеттер
- Мемлекеттік қызметтер
- Бос орындар
- Адал ұрпақ
- "Жас Ұлан", "Жас Қыран"
- "Волонтёр"
- ОҚУ МЕКТЕБІ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- ҰБТ
- МОДО
- Консультациялық пункт
- Сенім жәшігі
- Көңілді жаз
Балалар күлкісі – бақыттың жарқын үні!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Астана» скверінде кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні сквер шаттық пен қуанышқа толып, балалар үшін ерекше мерекелік мекенге айналды.
Мерекеге аудан әкімі қатысып, жас жеткіншектер мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде бүлдіршіндерге зор денсаулық, жарқын болашақ, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.
Балаларға арналған мерекелік бағдарлама өте мазмұнды болды. «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарлама ұсынылып, ойын-сауық және спорт алаңдары жұмыс істеді. Сонымен қатар сабын көпіршіктері шоуы, шығармашылық шеберлік сағаттары, аквагрим, фотозоналар, қызықты байқаулар мен интерактивті ойындар, робототехника және VR технологиялары ұйымдастырылды. Аниматорлар, алып қуыршақтар, батуттар мен тегін балмұздақ балалардың ерекше ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында балалар түрлі шығармашылық сайыстарға, спорттық жарыстарға және танымдық квесттерге қатысып, сыйлықтар мен тосынсыйларға ие болды. Әрбір бүлдіршін өз қызығушылығына сай белсенділік тауып, мерекенің басты кейіпкеріне айналды.
Мерекенің ерекше бөлігінің бірі арнайы техникалар көрмесі болды. Балалар өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем автокөлігімен танысып, құтқарушылардың құрал-жабдықтарын көрді. Мамандар олардың қалай қолданылатынын түсіндіріп, медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетудің қарапайым тәсілдерін көрсетті.
Балалар үшін ең әсерлі сәттердің бірі – өрт сөндіру көлігінің су шашып, аптап ыстықта сергітетін су себезгісін сыйлауы болды. Бұл көңілді көрініс мерекенің ең есте қаларлық оқиғаларының біріне айналып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өсіп, бақытты балалық шақтың қызығын көре берсін! Барлық армандары орындалып, болашақтары жарқын болсын!
Дата публикации: 01.06.2026