Бүгін мектебімізде мұражай күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Титовская Т.Ю. 5-сынып оқушыларымен «Мұражай сабағын» өткізді. Мақсаты:оқушыларға мұражайдың маңызын түсіндіру, тарихи жәдігерлер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған өлкенің тарихына қызығушылықтарын арттыру және мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Дата публикации: 18.05.2026