Бүгінгі таңда мектеп оқушылары жоғары интеллектуалдық жүктемеге ұшырап, аз қимылдайтын өмір салтын ұстанатын жағдайда, олардың білім деңгейімен қатар денсаулығына да көңіл бөлу бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (2020) мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша балалар мен жасөспірімдердің 80 пайыздан астамы жеткілікті деңгейде дене белсенділігімен айналыспайды. Мұндай жағдайларда қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырудың, шаршауды азайтудың және салауатты өмір салтына тұрақты дағды қалыптастырудың қолжетімді тәсілі болып табылатын ғылыми негізделген дене шынықтыру жаттығуларын енгізу ерекше маңызды болмақ. Осыған орай мектебімізде сыныптар арасында сергіту сәттері өтті.
Дата публикации: 02.09.2025