Даналық мектебінің жоспары бойынша Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында бүгін мектебімізде 17 наурыз күні қазақтың салт - дәстүрі "қырқынан шығару" рәсімі өткізілді. Мақсаты:жақсы тілек, бата беру дәстүрін қалыптастыру, жас ұрпақ ата-баба дәстүрін көріп өседі, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді, туыстар мен көршілердің қатысуы арқылы бірлік, сыйластық, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Қорыта айтқанда, қырқынан шығару – тек рәсім емес, ол балаға да, қоғамға да тәрбие беретін маңызды дәстүр.
Дата публикации: 17.03.2026