Қазақ тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы!
 Қазақ тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы!
Бүгін,7 қыркүйек күні, мектебімізде ана тілімізді дәріптеп, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған "Қазақ тілі онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі" өтті.
Салтанатты шара барысында оқушыларымыз қазақ тіліне, туған елге, ұлттық құндылықтарға арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, онкүндік аясында ұйымдастырылатын түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар таныстырылды.
Алдағы он күн бойы мектебімізде қазақ тілін насихаттауға арналған қызықты іс-шаралар жалғасын табады. Барша оқушыларымызға сәттілік, белсенділік және шығармашылық шабыт тілейміз!
 
Дата публикации: 07.09.2026