«Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
1-қыркүйек білім күніне орай мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиын шымылдығын Сергеевка қаласының әкімі Ерлан Молдашұлы құттықтау тілегімен ашты. Жүрекжарды лебізін білдіріп, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндерінің өлең шумақтарын арнаған сәті болды.Балалардың сыңғырлаған үніне әннен шашу шашылып, әсем әуен салтанатты жиынның сәнін келтірді. Ұлттық өнеріміздің айшықты үлгісі – ән мен би өнері, мерекелік шараның мазмұнын одан әрі ажарландыра түсті.
Салтанатты шараның көптен күткен ерекше сәті – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін сыңғырлаған қоңырау үні – білім әлеміне бастар алғашқы қадамның, жаңа арман мен үміттің жарқын белгісіндей әсер қалдырды. Алғашқы қоңырау үнімен бірге жаңа оқу жылына жол ашылып, білім ордасының дәліздерін балғындардың шат күлкісі мен қуанышты дауыстары тербеді.
Бұл күн – бүлдіршіндер үшін мектеп өміріне жасалған алғашқы қадамымен де ерекше мәнге ие болды. Алғашқы қоңырау үні әр баланың жүрегіне білімге деген құштарлық пен үлкен арман ұялатсын! Жаңа оқу жылы берекелі де табысты жыл болсын! Білім күні құтты болсын!
 
Дата публикации: 01.09.2026