МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Жаңа оқу жылының басталуымен бірге мектеп алаңы оқушылардың шаттық пен қуанышқа толы жүздеріне толды.
Бүгін білім ордамызда "Мектебім мейірім мекені" тақырыбында білім күні мерекесіне орай шара өтті.
Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1 сынып оқушыларын таныстыру шеруімен басталды. Жас бүлдіршіндер мен олардың сынып жетекшісі алаңға шығып, көрермендердің алдында тұрып, барша жұртшылықты ерекше қуанышқа бөледі.
Олардың таза жүректерімен айтқан өлеңдері мен әндері баршаны толқытты. Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындап, еліміздің туы көтерілді.
Салтанатты шарада Есім Шайкин атындағы мектеп - лицей директоры Билялова Нагима Жакотовна барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, ұстаздар мен ата-аналарға да ізгі тілектерін білдіріп, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мектеп алаңында ортаншы топ биші қыздар өз өнерлерін көрсетті.
Мерекенің жалғасында 1 сынып пен 11сынып оқушылары өз құттықтауларын жеткізіп, үлкендердің алғысын алды.
Барша оқушылар мен ұстаздарға сәттілік пен табыс тілейміз!
Дата публикации: 01.09.2025