«САПАНЫ САҚТАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
«Социалистік Еңбек Ері Е. Шайкин атындағы мектеп-лицейі» КММ-де «Сапаны сақтау» жобасы аясында 5-сыныптарда ашық сабақтар өткізу жалғасуда. Жобаның негізгі мақсаты — бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту және білім сапасын арттыру.
5 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты Жүсіпбекова Жанар Сатыбалдиновна жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар түрлі оқу тапсырмаларын орындап, қазақ тіліндегі білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Сабақтағы жұмыс оқушылардың тілдік сауаттылығын жетілдіруге, өз ойын жүйелі жеткізуге және сабаққа белсенді қатысуына бағытталды.
Осындай ашық сабақтар мұғалімдер тәжірибесімен алмасуға, оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға және білім беру сатылары арасындағы сабақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Білім сапасы — бірлескен еңбектің нәтижесі!
 
 
Дата публикации: 09.10.2026