«САПАНЫ САҚТАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
«Социалистік Еңбек Ері Е. Шайкин атындағы мектеп-лицейі» КММ-де «Сапаны сақтау» жобасы аясында 5-сыныптарда өткізілген ашық сабақтар легі осымен мәресіне жетіп, сәтті аяқталды.
5 «Ә» сыныбында математика пәнінен соңғы ашық сабақ өткізілді. Сабақты Кажжанова Альбина Ерболовна жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар математикалық білімдерін шыңдап, логикалық ойлауын, есептеу дағдылары мен танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Мұғалім жаңа технологияларды тиімді қолданып, заманауи талаптарға сай жоғары деңгейдегі интерактивті сабақ ұйымдастырды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу материалын сапалы әрі жеңіл меңгеруіне мүмкіндік берді.
Заманауи технологиялар — сапалы білім мен жаңа мүмкіндіктер жолы!
 
 Возможно, это изображение учеба, телевизор и текст
Возможно, это изображение текст Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение учеба и текст 
Дата публикации: 16.10.2026