«Денсаулық мектебі ұжымнан басталады»
«Саламатты мектеп» жобасы мен Мектептің денсаулықты нығайту қызметі мектепте «Денсаулық мектебі ұжымнан басталады» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Жиынның басты мақсаты – білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығы үшін қолайлы денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру. Педсовет қорытындысы бойынша ШСУЗ жұмыс жоспары бекітіліп, сабақ барысында тұрақты түрде гигиеналық және сергіту паузалары енгізілді. Бұл оқушылардың шаршауын басып, зейінін арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығы – ұстаздар мен ұжымның бірлескен қамқорлығынан басталады!
Дата публикации: 11.11.2026