Суды үнемде — болашақты сақта!»
Суды үнемде — болашақты сақта!» бірыңғай республикалық экологиялық сағаты
2026 жылғы 9 қарашада мектебімізде «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында бірыңғай республикалық экологиялық сағат өткізілді.
Тақырыптық сынып сағаттары барысында оқушылар судың адам өміріндегі маңызын, су ресурстарына ұқыпты қарау қажеттілігін және оларды тиімді пайдаланудың маңыздылығын талқылады.
Оқушылар таза судың тапшылығы мәселелері туралы мәлімет алып, күнделікті өмірде суды үнемдеу жолдарын қарастырды. Су ресурстарын сақтау – әрбір адамның ортақ жауапкершілігі деген қорытындыға келді.
Іс-шара екі ауысымда да сайттың «Су сандығы» бөлімінде орналастырылған әдістемелік материалдарды пайдалана отырып өткізілді.
Дата публикации: 09.11.2026