ТАЗА ОҚУЛЫҚ» РЕЙДІ
Мектебімізде кітапханашы Рустенова А.И. мен Мектеп Парламентінің бірлесіп ұйымдастыруымен оқулықтардың жай-күйін тексеру мақсатында «Таза оқулық» рейді өткізілді.Рейдке қатысушылар оқу кабинеттерін аралап, оқулықтардың жағдайын, мұқабаларының бүтіндігін, кітаптардың бар-жоғын және олардың ұқыпты пайдаланылуын тексерді.Оқушыларға оқулықтардың мектеп өміріндегі маңызды рөлін еске салып, оларды күтіп ұстау мен ұқыпты пайдаланудың жауапкершілігі түсіндірілді. Өйткені әрбір кітап құрмет пен қамқорлыққа лайық!
 Таза оқулық – жауапты оқушының айнасы!
Дата публикации: 04.11.2026