«Таза жағалау – таза су» облыстық челленджі өтті
Біздің мектеп оқушылары мен педагогтері «Таза жағалау – таза су» облыстық экологиялық челленджіне белсене қатысты.
Челлендж аясында қатысушылары аудандық орталық жағажай жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және су айдындарының тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару.
Тазалық жұмыстары барысында өзен жағасындағы қоқыстар жиналып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған өлкенің тазалығына үлес қосуға баулиды.
Дата публикации: 03.07.2026