"Tenge Battle" — білім, тапқырлық және қаржылық сауаттылық ойыны!
11 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне — теңгеге арналған "Tenge Battle" атты интеллектуалды ойын өтті.
Бұл қызықты сайысқа мектеп парламентінің мүшелері, 6-сынып оқушылары және "Жас Ұлан" жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Қатысушылар бірнеше тартымды кезеңнен өтіп, өз білімдерін, жылдам ойлау қабілеттерін, командалық рухтарын және қаржылық сауаттылық деңгейлерін паш етті. Олар теңгенің тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қаржылық есептерді шешті, сондай-ақ отбасылық бюджетті жоспарлау, қаражат үнемдеу және саналы түрде сауда жасау бойынша білімдерін көрсетті.
Ойын өте тартысты әрі серпінді өтіп, қатысушыларға көптеген жағымды әсер сыйлады! Сайыс барысында оқушылар қаржылық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауды, команда ішінде тиімді жұмыс істеуді және бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді.
 
Дата публикации: 12.11.2026