- Өзін - өзі бағалау
- Мектеп Парламенті
- «Мектепке жол» акциясы
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- ДОСБОЛLIKE
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Логопедия
- Кәсіби бағдар
- Қосымша білім
- Терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық материалдар
- Ашық бюджеттер
- Мемлекеттік қызметтер
- Бос орындар
- Адал ұрпақ
- "Жас Ұлан", "Жас Қыран"
- "Волонтёр"
- ОҚУ МЕКТЕБІ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- ҰБТ
- МОДО
- Консультациялық пункт
- Сенім жәшігі
- Көңілді жаз
Ұстаз-қандай қастерлі, ұлағатты сөз!
Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға, ерекше жан бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз!
Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,өз ісінің шебері Оспанова Гүлнар Касеновна туралы сөз болмақ. Өз пәнінің майталманы, жаңа педагогикалық технологияларды жұмыс барысында тиімді қолдана білетін, жауапкершілігі мол, білікті маман. Гульнар Касеновна сабақтарынан шығармашылық пен ізденісті байқауға болады. Оқушыларың функционалдық оқу сауаттылығын арттыруға, жаңартылған оқу бағдарламасының талаптарына сай оқушылардың өздерін сыни тұрғыда бағалай алуына, ойларын нақты және толық жеткізе беруге, қорытынды жасауға, өз көзқарасын еркін білдіруге баулиды. Оқушылары бір-бірінің жетістігіне қуана отырып, қызыға, белсене жұмыс атқарады. Гүлнар Касеновна бірнеше мәрте республикалық зияткерлік олимпиадалардың, облыстық сайыстардың жеңімпазы және мектептің уақыт талабына сай міндеттеріне лайықты мұғалім. Аудан мен облыстың дамуына белсене қатысатын, өзінің мамандығын сүйетін ұстаз, әріптестер арасында беделі жоғары.
Гүлнар Касеновна, келе жатқан төл мерекеңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс, мерейіңіз үстем болып, биік белестерден көріне беріңіз!
Дата публикации: 22.09.2026
