«САПАНЫ САҚТАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР
«Сапаны Сақтау» жобасы аясында сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейі» КММ 5-сыныптарда ашық сабақтар күндері басталды.
Бүгін 5 «А» сыныбының мұғалімі Титовская Татьяна Юрьевна «Қазақстанның ежелгі жартас суреттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстандағы ежелгі жартас өнерінің ескерткіштерімен танысып, олардың тарихи және мәдени маңызы туралы білді. Оқушылар суреттерді талдап, өз ойларын білдіріп, талқылауға белсенді қатысты.
Сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін, сыни ойлау қабілетін және туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Ашық сабақтар бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге, бесінші сынып оқушыларының бейімделуіне қолдау көрсетуге және білім сапасын арттыруға жағдай жасауға бағытталған.
Сабақтастық — сапалы білім берудің маңызды құрамдас бөлігі!
Дата публикации: 07.10.2026