«Сапаны сақтау» бағдарламасын іске асыру аясында бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 13 мамыр күні 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушылары арасында қызықты әрі танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың 5-сыныпқа көшу кезеңіндегі психологиялық дайындығын қалыптастыру, өзара ынтымақтастықты дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және орта буынға бейімделуге қолдау көрсету болды.
Квест барысында оқушылар бірнеше бекет бойынша тапсырмалар орындады. Әр кезеңде балалар тапқырлық, жылдамдық, зейін және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар орындап, түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын іздестірді.
Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, достық атмосфера қалыптастыруына мүмкіндік берді. Әсіресе командалық жұмыс кезінде оқушылар ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, өзара қолдау көрсете білді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен әсерлерімен бөлісті. Мұндай жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін жеңілдетіп, оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Дата публикации: 13.05.2026