Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарына сәйкес жоғарғы сыныптарда ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу және психоактивті заттардың (ПАЗ) қолданылуының алдын алу тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу.
Оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, салауатты өмір салтын ұстануға дайын екендерін көрсетті.
 
Дата публикации: 11.11.2025