Білім күніндегі полиция қызметкерлерімен кездесу
Білім күніндегі полиция қызметкерлерімен кездесу
1 қыркүйек күні Білім күніне арналған салтанатты жиыннан кейін мектебімізде 11-сынып оқушыларының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп және құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіріп өтті. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс және биік мақсаттарға жетуді тіледі.
 
Дата публикации: 01.09.2025