«Салауатты өмір салты – өз қолыңда»
«Саламатты мектеп» жобасы мен Мектептің денсаулықты нығайту қызметі аясында «Салауатты өмір салты – өз қолыңда» атты сынып сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және салауатты өмір салтын ұстану туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылар викториналарға белсене қатысып, зиянды әдеттерден аулақ болу және спортпен шұғылданудың маңызын талқылады.
Денсаулық – зор байлық, жарқын болашақ өз қолымызда! 🏃‍♂️🥦
Дата публикации: 11.11.2026