«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл»
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» халықаралық науқанын өткізу жоспары аясында мектепте Шал ақын ауданы ООБ ГБСБН аға инспекторы, полиция капитаны Б.С. Аманжоловамен кездесу өтті.
Іс-шара барысында полиция капитаны жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықбұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері туралы ақпарат берді.
Оқушылар өз құқықтары, қауіпсіздік, көмекке жүгіну жолдары және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда әр адамның рөлі туралы маңызды мәліметтер алды.
Дата публикации: 05.12.2025