5 маусым күні Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицей жанындағы «Біз бақытты баламыз» жазғы сауықтыру алаңында жоспарға сай қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар түрлі ойындар , шығармашылық тапсырмалар орындап, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді. Іс-шаралардың мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Барша оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын жазғы демалыс және ұмытылмас әсерлер тілейміз!
Дата публикации: 05.06.2026