Мамандық таңдау – болашаққа бастар маңызды қадам!
«Социалистік Еңбек Ері Е. Шайкин атындағы мектеп-лицей» КММ-нің 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында РЭС кәсіпорнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар электр энергетикасы саласындағы мамандықтармен, электр жабдықтарымен, кабельдермен, қорғаныс құралдарымен және диспетчерлік басқару жүйесімен танысты. Сонымен қатар Есіл, Шал ақын, Жамбыл және Тайынша аудандарының электр желілерін қамтитын жедел-диспетчерлік карта туралы мағлұмат алды.
 Мұндай кездесулер оқушылардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға жол ашады!
Кәсіби бағдар жетекшілері:
Баймуратова Д.Ж.
Қанат Д.Б.
Дата публикации: 18.11.2026