1 сәуірде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

Биыл 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.

🏫 «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, балалар 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша мектепке қабылданады. Құжаттарды электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

🔹 Қазақстан азаматтары үшін мектепке қабылдау құжаттарының тізімі:

1. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші

2. № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у);

3. 3х4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

✔ Шетел азаматтары үшін:
Бала ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруы қажет. Шетел азаматтары мектепке қабылдау үшін тұрақты тұруға рұқсат құжатын және тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісін ұсынуы тиіс.

Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады (демалыс және мереке күндерінен басқа).

Құрметті ата-аналар, құжаттарды соңғы күндерге қалдырмай, мектепке қабылдау мәселесін алдын ала шешуді сұраймыз.