- Мектеп Парламенті
- «Мектепке жол» акциясы
- Өзін - өзі бағалау
- Психологиялық қызмет
- Логопедия
- Кәсіби бағдар
- Мектепке дейінгі білім беру
- Терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық материалдар
- Ашық бюджеттер
- Мемлекеттік қызметтер
- Бос орындар
- Адал ұрпақ
- "Жас Ұлан", "Жас Қыран"
- "Волонтёр"
- ОҚУ МЕКТЕБІ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- ҰБТ
- МОДО
- Сенім жәшігі
- Көңілді жаз
Мектеп – мемлекеттің және халықтың тағдырын анықтайтын үлкен күш.
1986 жылы Сергеевка қаласының № 3 мектебі орта білім беру мекемесінің мәртебесін алды. Мектебіміздің алғашқы директоры Голов Анатолий Андреевич болды. 2003 жыл мектеп тарихында маңызды оқиғалардың бірі болды. Оған Социалистік Еңбек Ері - Есім Шайкенұлы Шайкин есімі берілді. Мұғалімдер ұжымы мен оқушылары осы биік атты мақтанышпен құрмет тұтып жүр.
Жаз бойы 300-ге жуық оқушы мектеп алаңдарында жұмыс жасайды. Мектеп ауласы гүлзарлармен безендірілген. Мектепте үлкен жылыжай, алма бақтары бар. 2006 жылы Мақсұт Сапенұлы Жолановтың қолымен алғашқы алма ағаштары отырғызылып, үлкен жеміс беретін ірі гүлді баққа айналды.
Мектепте үлкен асхана мен спорт залы бар. Сондай-ақ, кабинеттер мен кітапханалар заманауи жабдықпен жабдықталған. Екінші қабатта ұлы адамдардың нақыл сөздеріне арналған қанатты сөздер қабырғасы жасалған. 2013 жылдан бастап электрондық оқытудың соңғы жүйесі енгізілді. Шал ақын ауданында барлық қалалық мектептер электронды оқыту жүйесімен жабдықталған.
Мектепте Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкенұлы Шайкин атындағы мемориалдық мұражайы орналасқан. Жыл сайын Есім Шайкенұлы Шайкиннің туған күні қарсаңында «Жас-Қыран» және «Жас Ұлан» қатарында үздік оқушыларды қабылдауы дәстүрге айналды. 2016 жыл мектебіміз үшін елеулі оқиғалардың бірі, Есім Шайкенұлы Шайкиннің 90 жылдық мерейтойы өтті.Мектеп өздерінің дарынды түлектері мен оқушыларын мақтан тұтады.
Қошанова Сауле - Г. Гумилев атындағы Еуразиялық университетін үздік дипломмен аяқтап, Пекин университетінің шет тілдер докторантурасын тәмәмдап, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты, қазір Конфуцзы институтының директоры.
Жақыпова Сания - 2006 жылдың түлегі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының лауреаты, Мәскеу қаласындағы И.М. Сеченов атындағы медициналық академиясын аяқтаған.
Калелов Данияр - 2011 жылдың түлегі, Мәскеу қаласының Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының түлегі.
Ермеков Сұлтан - 2011 жылы мектепті аяқтап, ПЖӘУ түлегі,Нұрмагамбетов атындағы медальмен марапатталды.
Викторенко Данила - 2016 жылдың түлегі. Шаңғы жарысынан спорт шебері. Петропавл қаласындағы спорт мектебінің студенті. Шаңғы жарысы және Президенттік көпсайыс бойынша аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы.
Сәлімов Тамерлан – 2017 жылдың түлегі. Балалар мен жасөспірімдер «Салют талантов» атты шығармашылығының республикалық және халықаралық музыкалық фестивалінің лауреаты.
Бурунов Станислав - 2018 жылдың түлегі. «Алтын белгі» белгісінің иегері.
Ивина Наталья - 2018 жылдың түлегі. «Үздік аттестат» иегері.Біздің мектептің оқушылары аудандық, облыстық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Жас мұғалім Ким Ксения Николаевна «Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқышы - 2018» фестивалінде 9-сынып оқушылары Ефимов Николай мен Мелехов Александр бірінші орынға ие болды.Республикалық жарыста біздің мектептің намысын қорғайтын болады.
Жыл сайын оқушылар Республикалық ғылыми-зерттеу «Зерде» байқауының қатысушылары болып келеді, Омарова Нағима 4 Б сынып және Минакова Полина 2 Б сынып оқушылары жүлделі орындарының иегерлері, сондай-ақ 11 Б сынып оқушысы Мизамбаева Амина «Ағылшын тілі сабағындағы видео-кейс» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми жобасынан 3 орынға ие болды.Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, Туған жер!» атты жаңа жыл шыршасына 3-сынып оқушысы Дәуленбай Әселім қатысып, « Ұлы даланың жеті қазынасы »жаңа жылдық костюмін көрсетіп, 1-ші жүлделі орынға иеленді.Алексей Владимирович Кособоков - «Үздік педагог 2014» атағының иегері. «Үздік педагог 2014» төс белгісімен марапатталды. Шал ақын ауданындағы «мұғалім-шебері» біліктілік санатын растайтын жалғыз педагог.
Мектеп - жасөспірім ұрпақтың ойын қалыптастырып, әр баланың жеке қабілеттері мен таланттарын дамытатын шеберхана.